Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
8
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Сағынтаев жаңа ипотекалық бағдарламаға жауапты органдарды атады

Үкімет басшысы атап өткендей, жаңа бағдарлама көптеген қазақстандық үшін тұрғын үйдің қолжетімді болуын қамтамасыз етеді.

“Инвестициялар және даму, ұлттық экономика, қаржы министрліктері мен “Бәйтерек” холдингі аталған жұмыстарға кірісуі тиіс. Жаңа ипотекалық бағарламаны іске асыру тұрғын үй құрылысына және оған жақын салалардың жұмысына тың серпін береді. Сондықтан бұған отандық құрылыс материалдарын өндіруші команияларды белсенді түрде тарту керек.

Ипотекалық бағдарлама бойынша жауаптылар — Ұлттық банк, үкімет тарапынан Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек. Асқар Ұзақбайұлы (премьер-министрдің бірінші орынбасары Асқар Мамин) сіздің бақылауыңызда”,

— деді үкімет басшысы.

Айта кетсек, кеше Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуін жариялады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз