Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
20
USD
440
0.00
EUR
474
0.00
RUB
4.82
0.00

Сағынтаев Таразда дауыл кезінде қайтыс болғандардың отбасына көмек көрсетуді тапсырды

Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев қаланың қызметін толық қалпына келтіруді, зардап шеккендерге қажетті көмекті көрсетуді және жасалып жатқан жұмыстар мен нәтижелер туралы әрдайым ақпараттандырып отыруды тапсырды.

«Бірінші кезекте, қайтыс болғандардың отбасыларына барлық қажетті көмек көрсетілуі тиіс»,

– деді премьер-министр Бақытжан Сағынтаев.

Еске сала кетейік, 29 мамыр күні Таразда жойқын дауылдың екпіні 30 м/с жылдамдыққа дейін жеткен болатын. Әкімнің сөзі бойынша, облыста әкімнің бірінші орынбасары төрағалық ететін арнайы комиссия құрылған. Таңға жақын апат салдарларын жою қызметі электр энергиясымен қамтамасыз ету жұмысын толығымен қалпына келтірді. Құлаған ағаштар мен қоқыстарды жинау жұмысы жүргізілуде.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз