Нұр-Сұлтан
Қазір
-3
Ертең
11
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

“Саған уақытым жоқ”. Сәуле Әбединова Меруерт Өтекешованың сынына жауап берді

377

Айта кетелік, бұған дейін Тұңғышбай Жаманқұловтан сұхбат алып, “Ақжүніс” интернет басылымында жариялаған Сәуле Әбединованың мақаласына қатысты актриса Меруерт Өтекешова уәж айтқан еді. Актриса мақалада өзі жайлы жазған журналистті қатты сынға алған.

“Тұмарымның” түсірілімінен шықтым. Бір күнде 4 бағдарлама қатар түсіретіндіктен, ештеңеге мойын бұруға мұрша жоқ. Кешеден бері жеке чатқа да, ватсапқа да, “Меруерт Өтекешова бүй депті, сөй депті, көрдің бе?..” деген сұрақтар үйіліп қалыпты. Көп тілекшілерім мені емес, оны боқтапты. Соған қарағанда жақсы нәрсе айтпаған шығар деп топшыладым. Ашып оқуға – уақытымды зая кетіргім келмейді. Тек сол тілекшілерім бөліскен сілтеменің 1 ғана абзацтық анонс-мәтініне көз жүгірткенде ұққаным – Өтекешова өзі қазақша жазу былай тұрсын, ойлай алмайтыны белгілі, демек, бір журналистсымақтың Қыз Жібек пен Ақжүністі “жұлыстырғысы” келгені деп қорытынды жасадым.

https://kaz.365info.kz/tolegendi-atkhan-bekezhan-emes-shyndykh-khajda-261928

Ондай мақаланы, тем более оқымаймын. Тіпті, Өтекешова “50-ге келген” менің деңгейіме “тиісуге” толық қақысы бар, өйткені оның деңгейі – 70-те. Жаманқұловпен жасаған сұхбатымдағы “Қыз Жібектен басқа рөлі жоқ, сахналық ғұмыр жоқ” деген сөзімізге қарсы уәж айтып, сол уәжін дәлелдеп берген болса, кешірім сұрауға дайынмын және кешірім сұрағаннан арланбаймын. Ал дау іздеген, аты жоқ журналистсымаққа айтарым,

Өтекешова апаймен мен “төбелеседі” деп ойласаң, қателесесің.

Біріншіден, ораза айы.

Екіншіден, ораза болмаса да, 50-дегі мына мен 70-тегі апаммен ешқашан “жұлыспаймын”.

Үшіншіден, “төбелес” іздеп жүрсең, аты-жөніңді ашық жазып, сөзіңді дәлелдеп көр.

Төртіншіден, дау-дамайға, “арандатушы ешкілердің” аранына еріп кетеді десең, қатты қателесесің. Ондай жазбаларды оқып, уақыт кетіру былай тұрсын, пысқырмайтын әдетім бар еді, ренжіме, бауырым. Жазар дауың (заказың) азаймасын. Сол үшін алар қаламақың бұдан да көп болсын! Бақытты бол!

Ал біз “Тұмарымды” жасауымыз керек. Саған уақыт жоқ”

, – деп жазады Сәуле Әбединова желідегі парақшасында.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз