Нұр-Сұлтан
Қазір
12
Ертең
20
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Сағадиев: төрт жыл бойы мамандықты қаржыландырудан бас тартамыз

Осыған байланысты, біріншіден, төрт жыл бойы мамандықты қаржыланырудан бас тартып, программаны игеру мерзіміне тиісті кредиттік технология бойынша қаржыландыруға көшу.

Осыған байланысты заң жобасында министрлікке кредиттік оқыту технологиясын ескеріп, жоғары оқу орындарын қаржыландырудың тәртібін бекіту және мемлекеттік білім беру тапсырысын қалыптастыру бойынша жаңа құзырет қарастырылған”, — деді бүгін Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мәжілістің жалпы отырысында.

Сондай-ақ, оның айтуынша, жоғарғы және жоғарғы оқу орнынан кейінгі кадрларды дайындау үшін мемлекеттік тапсырысты бекіту мерзімі бір жылдан үш жылға дейін өзгерді. Осы ұсыныс экономиканың нақты секторын есепке алып, мемлекеттік тапсырысты тиімді бөлуге жағдай жасайды.

“Екіншіден, қаржылық саясатты регламенттеу аясында жоғары оқу орындарында ақылы түрде оқу бағасын реттейтін норманы алып тастау ұсынылады.

Аталған өзгеріс азаматтарға, оның ішінде халықтың осал топтарына жататын адамдарға жоғары білім алуға қол жеткізуге жағдай жасайды.

Аталған өзгерістер жоғары оқу орындарына көптеген еркіндік беріп, олардың басшыларының әлеуметтік жауапкершілігін қарастырады”, — деді министр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз