Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
4
USD
460
-3.72
EUR
503
-1.94
RUB
5.18
-0.03

«Сағадиев әлі кетпейді». Президент кеше оны мақтап қойды

Жылы сөзге жаны семірген Сағадиев те қарап қалмады. Елбасының жұмыс үстеліне қағазға басылған жоспарларын жайып жіберіп, біраз көсілді.

Сөзіне сенсек, биыл балаларды бақшаға орналастыру қиындығы толық шешіледі. Үш ауысымды жою мен тоз-тозы шыққан мектептерді жөндеу де біртіндеп азайып келе жатқанын айтты.

Сондай-ақ Ерлан Сағадиев

2019 жылдан бастап 10,11,12-ші сыныптарда химия, физика,информатика,биология пәндерінің ағылшын тілінде оқытылатынын еске салды.

Бұл үшін мұғалімдер қазіргі таңда жаппай курстарға жазылып тіл үйреніп жатыр. Осы жерде Білім министрі ағылшын тілінде бала оқытатын ұстаздардың жалақысына 35 мың теңге қосымша ақша төленетінін айтуды ұмытқан жоқ.

stan.kz

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2023 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз