Нұр-Сұлтан
Қазір
-11
Ертең
-16
USD
522
0.00
EUR
544
0.00
RUB
5.05
0.00

Садыр Жапаров Қазақстанмен не туралы уағдаласты?

122

Қазақстан Ресейден кейінгі екінші және Орталық Азиядағы жаңадан сайланған Қырғызстан президенті баруға шешім қабылдаған бірінші ел болды. Әрине, бұл еліміздің өңірдегі жоғары стратегиялық маңыздылығын, сондай-ақ Бішкектің сыртқы саясатындағы қазақстандық бағыттың маңыздылығын көрсетеді.

Ресейдегідей қырғыз президентінің Қазақстанға сапары өте мазмұнды болды. Мемлекет басшысымен, премьер-министрмен және мәжіліс төрағасымен кездесулер өтті. Қырғыз-қазақ екіжақты ынтымақтастығын тереңдетуге бағытталған сегіз құжатқа қол қойылды. Келіссөздер барысында Қырғызстандағы қазақстандық инвестицияларды сақтау мәселесі де көтерілді деп болжауға болады, ол шамамен 2 млрд долларды құрайды.

Қазақстаннан қолдау күтеді

Сонымен қатар, сапар бағдарламасында ерекше тармақ – Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесу болды. Жапаровтың шетелдік турнесін халықаралық қолдау жинау міндеті тұрғысынан қарастыратын болсақ, Елбасымен кездесу Қырғызстанның жаңа билігі үшін сөзсіз маңызды.

Нұрсұлтан Назарбаев әлемдік деңгейдегі саясаткер ғана емес, сондай-ақ Орталық Азияның танымал көшбасшысы, бүкіл түркі әлемінің ақсақалы болып табылады. Елбасының Қырғызстан мүшесі болып табылатын ЕАЭО-ның құрметті төрағасы ретіндегі мәртебесін де ұмытпауымыз керек.

Осыған байланысты Қазақстанның Тұңғыш Президентімен келіссөздер Жапаровқа екі елдің екіжақты қарым-қатынастары мәселелерінде ғана емес, өңірлік кооперацияның неғұрлым кең мәселелері бойынша Бішкектің ұстанымын белгілеуге мүмкіндік берді. Елбасының халықаралық ықпалын ескере отырып,

бұл Бішкектің барлық өңірлік серіктестермен тиімді қарым-қатынас орнату тұрғысынан аса маңызды

Биліктің сәтті транзитінің мысалы

Естеріңізге сала кетейік, Елбасы көршілес Қырғызстанда дағдарыстық жағдайлар туындаған кезде, мысалы, 2010 жылғы саяси дағдарыс кезіндегідей тұрақтандырушы рөл атқарған болатын.

Нұр-Сұлтан қаласындағы көптеген келіссөздер барысында тараптар Қырғызстанның одан әрі саяси дамуына, атап айтқанда, елдегі конституциялық реформаның перспективаларына және оның президенттік басқару нысанына оралуына тоқталды деп болжауға болады.

Садыр Жапаров түрлі сұхбаттарда Қырғызстанның тым ерте парламенттік басқару нысанына және соның салдарынан елдегі биліктің жиі ауысуына көшкенін бірнеше рет атап өткен. Бұл тұрғыда Қырғызстаннан посткеңестік кеңістіктегі саяси транзиттің ең табысты үлгісін көрсетіп отырған Қазақстаннан көп нәрсе үйренетіні сөзсіз.

Автор: Ерлан Мәдиев, әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы (ӘЭСИ)

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз