Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
15
USD
449
+0.08
EUR
478
+1.11
RUB
4.76
-0.01

“Сабыр деп жүріп, ұйқысыздыққа ұшырадым”. Байдың әйелі көрген қорлығын айтты

133

Қолымда жеке кәртічка бар, ақшаны шетінен ала береміз. Жалпы, ақша жағынан проблема жоқ.

Жиһазды жылда ауыстырамыз. Ескіріп те үлгермейді. Артылған киім-кешек, жиһазды ауылдағы туыстарыма беріп жіберемін. Кейде жақын маңдағы мешітке апарып беремін. Сәннен қалмау керек. Бұл біздің отағасының қағидаты. Бренд киім-кешек алу үшін жылына екі рет Еуропаны аралап қайтамын.

https://kaz.365info.kz/omirde-zhalkhau-tosekte-mylkhau-kedej-taksistin-ajeli-boludan-sharshadym-286830

Күйеуім көрікті, келісті адам. Әрине, оның сыртта біреуі болуы мүмкін емес. Бірақ мен оған шектеу қоймаймын. Өз таңдауы, өз еркі ғой.

15 жыл бірге өмірден кейін білгенім, оның сыртта екі әйелі, 3 баласы бар екен. Біреуінде екеу, екіншісінде біреу, менікімен қосқанда сонда алтау ғой. Құдай, көп көрмесін. Енді бұл менің білетінім ғана.

Ішім сезеді, сырттағы балалардың қай кезде пайда болғанын. Көбіне айлап Астанаға кетеді, тендер ұтуымыз керек, сол жақтағы бизнестің отчетін тапсырам налоговыйға дейді. А, жарайды деймін. Шындығында, ол соларда жүреді ғой. Оған да көнгем. Бірақ мен көнгенмен басқасында не боп жатқанын ит біледі. Онда не шаруам бар деп ойлаушы едім.

Бірақ соңғы 5 жылда быт-шытым шықты.

Өзім жиі ауыратын болдым, балаларда да солай. Демалыс орнына клиника жағалып кеттік. Бала ауырса жанын шығып кетеді ғой. Бірде бір танысым мықты экстрасеанстың адресін берді. Оған сенбеуші едім. Көпке дейін оған мән бермей жүргем. Қызым реанимациядан бір-ақ шыққанда тура сол экстрасеансқа тарттым. Қатты дуалаған, баланы аман алып қала алмаймыз деді. Жағыңа жылан жұмыртқаласын дедім. Израильға тікұшақпен ұштық.

Сол арада қызыммен қоштастым. Қайғы жұттым. Бәріне күйеуімді кінәладым.

Ес жиып үлгермей екінші қызымның денсаулығы сыр бере бастады. Балаға дұрыс қарамайсың деп күйеуім өзімді бас салды. Қызымды ауруханадан алып шығып, Мәскеуге бардым. Мықты көріпкелдің есігін қақтым. Ажырас деді ол. Қарғыс күйеуіңізде, бөлек кетсеңіздер, құтыласыз деді. Тағы сенгім келмеді. Бірақ бала үшін бәріне барасың ғой. Күйеуіме ажырасамын деп бір күнде кетіп қалдым. Ол аң-таң. Ештенең керек жоқ дедім.

https://kaz.365info.kz/akimge-tokhal-bolgysy-keletin-khyz-zhylap-otyr-18-286527

Сөйтіп ұлым мен қызыммен ауылдан бір-ақ шықтық.

Айта кетейін, Мәскеуге барғанда тылсым дүниенің барына көзім жетті. Әйтпесе өмірдегі жауапты кезеңде осындай шешім қабылдау жәй нәрсе дейсіздер ме?.. Оны айтса бір бөлек әңгіме боп кетеді. Әрине, балаларыма қиын болды. Мен жергілікті әкімшілікке жұмысқа тұрдым. Қарапайым қызметкер боп. Айлығым 60 мың теңге. Ауылдық жер үшін бұл едеуір ақша екен. Жоқ, өмір сүруге болады. Бірақ арада бір жыл өткен соң күйеуім келіп алып кетті.

Енді дерт ұлымды жағалай бастады. Шошып кеттім. Осыған дейін сабыр-сабыр деп жүрген өзім ұйықтай алмай қалдым. Балаларым әкесінен кеткісі келмейді. Олардың да көңілін қимаймын. Бірақ мәскеулік емшінің сөзі есіме түссе, қатты шошимын. Дуаның мерзімі өткен, кері қайтару мүмкін емес дейді. Тұқымың құрып кетпей тұрғанда оған жолама деді емес пе?.. Күйеуіме осыны айтсам сөзімді құлағына да ілгісі келмейді. Әйтеуір өзінің есебі түгел. Жоспарлы өмірімен үш әйелінің арасында алаңсыз жүр.

Ал менің жайым болса, мынау. “Кету керек” деген ой ішімді тырналайды. Не істесем екен?..”.

Қырмызы Әлжан, Алматы қаласы

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз