Нұр-Сұлтан
Қазір
20
Ертең
18
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Сағынтаев Үкімет атынан Шаханда және Шымкентте қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты

Осы ретте Премьер-Министр шұғыл қабылданған шешімдердің нәтижесінде Жезқазғанда жұмыс қайта жанданып, жылу мен электр жарығы уақытында халыққа да, өндірістік нысандарға да толығымен жеткізілгенін атап өтті.

«Сонымен қатар төтенше жағдай жуырда Шымкент қаласында да орын алды. Өкінішке орай бірнеше адам құрбан болды. Үкімет атынан қаза болғандардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтамын», – деді Сағынтаев.

Еске сала кетсек, 1 қаңтар күні 22 сағат 40 минут шамасында Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаментіне Шахан кентінде көпқабатты үйдің құлағаны жөнінде арнайы хабар келіп түскен. Қираған үйдің үйінділерінен 9 адамның мәйіті табылды. Олардың 3-уі – ер адам, 3-уі – әйел адам, тағы үшеуі – балалар. Үйдің құлауына 4-ші подъездің жертөлесінде орналасқан қазандықтың жарылуы себеп.

Шымкент қаласындағы қайғылы оқиға 8 қаңтарға қараған түні болды. Халықтар достығы көшесінде орналасқан екі қабатты тұрғын үйде газ баллоны жарылып, баспана опырылып құлаған болатын. Салдарынан 1988 жылы туған Сабина Орынбаева қаза болды. Тағы төрт адам зардап шекті: Қарлығаш Аxанова 1996 жылы туған (2 дәрежелі күйік жарақаты), Әсия Орынбаева 1957 жылы туған (дене жарақаты), Дәурен Жұмалиев 1985 жылы туған (дене жарақаты), Аружан Дауылбай 2015 жылы туған (дене жарақаты). Алдын ала болжамға сәйкес, үйдің құлауы газ-ауа қоспасының жарылысынан болған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз