Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
20
USD
449
+0.08
EUR
478
+1.11
RUB
4.76
-0.01

Сәләфизмге тыйым салу басқа бәле болмай ма?

Бізді біреулер «южан» деп жатады. Мұның барлығы – кеңестер кезінде құрылған дуалдар.

Сондай дуалдың орнына сәләфизм келеді қазір. Сөйтеді-дағы, бізді «мүшриктер» деуі мүмкін. Өздерін таза исламның ізбасарлары деп жариялайды. Осылайша, тіліміз бір болуы мүмкін, я болмаса, олар орыс тілінде сөйлеуі немесе орыс тілділердің ықпалындағы сәләфилер болуы мүмкін. Мұның барлығы, түптің-түбінде, болмысты ыдыратады.

Ұлттың болмысы деген – мемлекетті құрып тұрған фундамент қой. Ал болмыс екіге бөлінсе, үстінде тұрған мемлекет түгіл кез келген нәрсе құлап түседі.

Мемлекет деген ол адамның денесі сияқты. Ол денеге вирус түсуі мүмкін, іріңдеуі мүмкін. Сол денені сақтап қалу үшін оны кесіп тастау қажет. Сонда ғана біз болмысымызды сақтай аламыз. Әйтпесе, мемлекетті не үшін құрдық? Қазақ болмысын, мәдениетін сақтап дамыту үшін құрған жоқпыз ба?», – дейді ғалым.

Оның айтуынша, сәләфизмге тыйым салу үшін алдымен арнайы органдар дайын болуы шарт.

«Біздің қауіпсіздік комитеті, прокуратура және басқа да күш құрылымдарымыз барлығы қанша сәләфи, қанша сәләфизм орталығы бар екенін білуі керек. Егер оны білмесе, проблема содан туындайды. Меніңше, олар кімнің немен айналысып жатқанын біледі. Біледі деген сенім бар да.

Егер мемлекетте сондай мәліметтер бар болса, онда ол тыйым салудан қорықпайды – тыйым салғаннан кейін тізімде, өздерінің бақылауында тұрған адамдарды бақылауды одан сайын күшейтеді де, қоя салады.

Жүдә, шектен асып бара жатса, сол кезде ұстап алып, отыра береді. Ал егер білмесе, онда қауіп бар. Ондай жағдайда Қауіпсіздік комитетінің өзі қауіпсіздіктен мақұрым деген сөз. Күштік құрылымның өзі күштік құрылым емес деген сөз. «Жоқ, олай емес, біз қанша адамның барын, қай жерде жүргенін білеміз» дейтін болса, онда олар тыйым салудан қорықпайды», – деп атап көрсетеді Досай Кенжетай.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз