Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
8
USD
427
+0.61
EUR
497
+0.71
RUB
6.04
+0.05

Сәләфизм ішіндегі ағымдардың барлығы қауіпті, ешқайсысын ақтауға болмайды – маман

431

Қазақстанда сәләфизмнің такфирші, мадхалит және сурурит деген бірнеше ағымы бар. Атауы мен әдістемесінде бірқатар ерекшелігі бар болғанымен, олардың идеологиясы мен мақсаты бір, оқып, уағыздайтын әдебиеттері де бір болып келеді.

Сондықтан идеологиялық жағынан алғанда, сәләфизм ішіндегі ағымдардың бірін радикальдық, тағы бірін төзімді, яғни жарамды деп бөле-жара қарауға болмайды.

Кім сәләфи ағымының бірін ақтап, жақсы қылып көрсеткісі келсе, соған бірден тойтарыс берілуі тиіс. Олардың ішіндегі кейбір ағымды “төзімді” деп таңбалау кейбір араб елдеріне тән құбылыс. Онда да олар бұған лажсыздан барып отыр.

Ал біздің зайырлы мемлекетте діни, танымдық, тіпті саяси кеңістікте де сәләфизмнің “төзімділігі” туралы көзқарастар айтылмауы керек, бұл, тіптен ақылға қонымсыз. Өйткені дәстүрлі емес көзқарасты жақтаушылар шектен шығуға әрдайым дайын тұрады.

Қазақстандық дінтанушылар, теологтар ішінара бөлінгенімен, такфиршілер, мадхалиттер, суруриттер өздерін жалпақ тілмен сәләфилерміз деп атайды деген пікірді айтып жатады. Демек, олар өздерінің позициясы мен ұстанымы ортақ екенін мойындайды.

Мәселені басқа жаққа аударып, сәләфи ағымындағының біреуін ақтап алғысы келетіндер, оның қоғамға дендеп енуіне жол сала береді. Олардың осыған дейінгі “төзімді сәләфи” туралы түсінік саясаты тәжірибеде өз жемісін бермеді.

Тіпті, тағдыры мен тарихы ұқсас посткеңестік кеңістікті алып қараңыздар, ешкім “төзімді салафизм” деген құбылысты анықтап, мойындаған жоқ.

Бүгіндері көптеген араб елі сәләфизм ұстанымы ислам дініне жат екенін де сөзсіз растайды. Осыларды есепке ала отырып, біз сәләфизммен байланысты барлық түсінікті қайтадан қарастыруымыз керек.

Қазақстандағы террорлық оқиғалар “төзімді сәләфизм” деген түсініктің жоқ екенін дәлелдеді. Сәләфизмге қауіпті көзқарастар ғана тән. Қайғылы оқиғалардан сабақ ала отырып, біз құқықтық реттеу тұрғысында қорытынды шығаруымыз керек.

Ақпараттық түсінік жұмыстарының қалай жүргізетінін анықтап, ғылыми зерттеу саласында, сол секілді қоғамдық пікірді бір сүзгіден өткізуіміз тиіс.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2021 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз