Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Сүйінші! 1 теңге=1 үй қоры құрылатын болды

529

Нұрдәулет Нұрәділ әлеуметтік желілердегі және түрлі топтардағы кейбір сұрақтар мен пікірлерге жауап беруге тырысқан.

«1 теңге – 1 үй» жобасы бойынша қазіргі таңда арнайы жұмыс тобы құрылып, қысқа мерзімдік жұмыс жоспары жасалып жатыр. Сонымен қатар, алдағы уақытта жобаның мақсаты, жүзеге асыру механизмі, талаптары, шарттары ресми парақшаларда жаряланады», – деп жазды ол.

Қоғам жаппай қолдаған идеяның авторы бұған қоса жобаны жүзеге асыру мақсатында арнайы қор құрылып, ресми есепшоты ашылатынын айтады. Бүкіл қаржылық операциялар сол есепшот арқылы жариялы түрде жүргізілмек.

«Оған дейінгі кез келген қаржылық операциялар, хабарландырулар мәтініне құқықтық және азаматтық тұрғыдан жауап бермейтіндігімізді ресми хабарлаймыз», – деп атап өтті ол.

Естеріңізге сала кетейік, Нұрдәулет Нұрәділ есімді әлеуметтік желі қолданушысы талай адамды толғандырған ең өзекті мәселе – баспана мәселесін шешудің жаңа жолын ұсынған болатын. Оның айтуынша, аптасына бір теңгеден садақа шығарсаңыз, жылына 52 отбасының баспаналы болуына көмектесесіз. Алайда, әлеуметтік желілерде жұрт 1 теңге емес, мың теңгеге дейін, тіпті одан да көп мөлшерде қаржы садақа етуге дайын екендігін жарыса жазған еді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз