Алматыда 10 адамды өлтіріп, қанды терактіні жасаған Руслан Күлікбаевқа қатысты үкім шықты.
2-қарашада сот Ерлан Болат сотталушыны бүкіл мүлкін тәркілей отырып, өлім жазасына кесу туралы үкім шығарды
деп хабарлады Tengrinews.kz.
Үкім қайта қарауға жатпайды.
Алдында хабарланғандай, прокурор Жарқынбек Бақашбаев соттан Күлікбаевты өлім жазасын, ал оның сыбайластарын бас бостандығынан айыруда ұзақ мерзімді кесуді сұраған. Қазақстанда, негізінен, өлім жазасына мораторий енгізілген, алайда мұндай жазаны тағайындауға соттың толыққанды құқығы бар.
Айта кетейік, Алматы қаласының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына Руслан Күлікбаевқа қатысты қылмыстық істі аталған сот судьясы Ерлан Болатов жүргізді. Күлікбаев бірнеше қанқұйлы тонау және қарақшылық әрекеттерге қатысты болып отыр. Бұған дейін хабарланғандай, тергеу тобы 57 сот сараптамасы мен зерттеулер жүргізді және болған оқиғаның барлық жәйттерін анықтау мақсатында 200-ден астам куәгерлер мен оқиғаны көрген адамдарды тергеді.
2016 жылдың 12-қазанында 61 томнан тұратын қылмыстық іс сотқа жолданды. Руслан Күлікбаевқа 8 құқық қорғау және арнайы орган қызметкерлерін және 2 бейбіт тұрғынды өлтірді, террорлық акт жасады деген айып тағылды. Сонымен қатар, ол 3 бейібіт тұрғынды өлтірмек болды деп айыпталды.