Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
17
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Рухани жаңғыру: Отырар мен Арыстанбаб арасы ұлттық нақышта безендіріледі

235

Өңір басшысы Жансейіт Түймебаев бүгінге дейін атқарылған жұмыстарға баға беріп, келешек жұмыс жоспарымен бөлісті. Алдағы уақытта Ордабасы тауында үш биге арнап, монумент орнатылып, туристік инфрақұрылым жұмыстары жүргізілмек. Сондай-ақ Қазығұрт тауына да ерекше бетбұрыс жасалады. Таудың ұшар басына Кеме қалған ескерткіші орнатылып, айналасы әспеттеледі. Ал Отырар мен Арыстанбаб кесенесі арасындағы жол ұлттық нақышта безендірілмек. Ал Сайрамдағы Хан-қорған қалашығы ашық аспан астындағы мұражайға айналады.

– Рухани жаңғыру деген ол, біреу жаңғырмау керек. Әлде кімдер жаңғыртпау керек. Әрбір адамның өзі жаңғыруы керек. Рухани жаңғыру оңай емес. Ол үлкен күш жігерді талап етеді. Береке басы – бірлік деген дөңгелек үстелдің де өзінің мақсаты сол деп ойлаймын, – деді жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мархабат Байғұт.

-Үлкен эконмика, үлкен ауыл шаруашылығы, кәсіпорындар болмай рухани жаңғыру болмайды. Осындай іс-шараның көп болғандығы халықтың рухын көтереді. Бірлікке шақырады. Сондықтан бір болайық, бай болайық, – деді Шымкент қаласының құрметті азаматы Иманәлі Байдәулет.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз