Рудныйдағы спорт алаңы үшін шыққан жанжалдың видеосы пайда болды. Оқиға жайлы оған қатысты балалардың бірінің анасы хабарлады, – деп жазады Alau.kz.
Әйел адам Instagram желісінде оқиғаның видеосын жариялаған. Видеоға қатысты жазылған пікір бойынша, баланың анасы полицияға арызданған.
Қостанай облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінің жетекшісі Ирина Беженарьдің мәліметінше, 24 жастағы әйел мен 15 жастағы жасөспірім арасындағы жанжал 15 маусымда шамамен 19:00-де Рудныйда болған. Әйел адамның әрекетінде ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы (ұсақ бұзақылық) бойынша құқықбұзушылық белгілері байқалады.