«ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ» ММ сейсмикалық станция желісі 12 қараша күні сағат 23:13-те жер сілкінісін тіркеді.
Тербеліс эпицентрі Алматыдан солтүстік-батысқа қарай 1438 шақырым қашықтықта, Қазақстан аумағында орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы 8.1 болса, MPV магнитудасы – 3.9, ал тереңдігі – 5 шақырым.
Сілкініс Рудный қаласында сезілген. Жер сілкінісінің қуаты 2 балл.