Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Еуроазиялық одақтың салдары осындай болды,тауарлар қымбаттауда

Осылайша көрші елдің ақшасы жыл соңына қарай жылдам күшейіп келеді. Мұны сарапшылар бірнеше жағдаймен байланыстыруда. Біріншіден, Ресей валютасы нарыққа бейімделген. Яғни салық төлемдерін жүргізу үшін жыл соңында рубльге деген сұраныс артып, соның есебінен қымбаттауы мүмкін.

Екіншіден, рубль бағамына доллардан бөлек еуро да әсер етеді екен. Еуроодақ валютасының соңғы уақытта біршама әлсірегенін ескерсек, орыс ақшасының күшеюіне негіз бар дейді қаржыгерлер. Алайда бұл біз үшін қуанатын жағдай емес. Өйткені рубльдің қымбаттауы еліміздің экономикасына айтарлықтай зиян келтіріп, инфляция деңгейінің өсуіне ықпал етуі мүмкін. Яғни, бірінші кезекте Ресейден келетін тауарлар қымбаттайды.

Ғалым Құсайынов, сарапшы:

– Ресей – біздің ең негізгі сауда серіктесіміз. Сондықтан рубль күшейген сайын теріскейден тасымалданатын тауарлардың бағасы қымбаттайды. Тиісінше, елдегі инфляция деңгейі өседі деген сөз. Ал бұған жол бермеу үшін Ұлттық банк қандай да бір шара қолданады деп ойлаймын.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз