Нұр-Сұлтан
Қазір
-5
Ертең
-12
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Роза Рымбаеваның баласы елмен амандаспайды

1411

Әли Оқапов — шығармашылығы мен тыңдаушыларына берілген адам. Әртіс өз ісіне беріліп кететіні сонша, кейде айналасындағы адамдарға мән бермей қалады. Әнші әріптестері оған түсіністікпен қарап, қатаң сөкпейді деп үміттенеді.

«Ода тұрған ештеңе жоқ. Иә, кейде тіпті таныс адамдармен амандаспай өте шығуым мүмкін. Бір жаққа асығып бара жатасың немесе көңіл-күйің болмайды. Немесе қалың ойға шомып кетіп, ең жақын адамдарды байқамай амандаспай қаласың. Біріншіден, біз әртіс болғандықтан бір-бірімізбен сөйлесіп, сәлемдесу үшін жиналмаймыз. Жұмыс пен шығармашылық бірінші орында тұруы тиіс. Біздің басты мақсатымыз — көрермен алдында лайықты өнер көрсету», – деді Әли Оқапов «НТК» телеарнасына берген сұхбатында.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз