Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
3
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Роман Скляр – ұлттық экономика вице-министрі

Роман Скляр 1971 жылы Павлодар қаласында туған. Павлодар монтаж техникумын, Павлодар мемлекеттік университетін, Мәскеу қазіргі заман бизнес институтын, Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын бітірген.

1989-1990 жылдар аралығында «Экибастузуглеавтоматика» құрастыру- баптау басқармасында «Казпромтехмонтаж» өндірістік-құрастыру басқармасы слесарь-құрастырушы болып, Екібастұз кеніш құрылысы басқармасының құрастырушысы болып еңбек етті.

1990 жылдан бастап 2002 жылға дейін коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеді.

2002 – 2003 жылдар арылығында ҚР Қаржы министрлігі Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі Комитетінің Павлодар облысы бойынша басқармасы бөлімінің бастығы.

2003 жылдан бастап 2005 жылға дейін Павлодар қаласының мемлекеттік сатып алулар басқармасының бастығы, Павлодар облысы әкімінің бас инспекторы қызметтерін атқарды.

2005 жылдан бастап 2006 жылға дейін әкім аппаратының басшысы, Павлодар қаласы әкімінің орынбасары болды.

2006 жылдан бастап 2007 жылға дейін – Астана қаласы әкімі аппаратының инфрақұрылымды дамыту меңгерушісі.

2007 жылдан 2008 жылға дейін – Астана қаласының энергетика және коммуналдық шаруашылық департаментінің директоры қызметінде болды.

2008 жылдан 2010 жылға дейін Павлодар облысы әкімінің орынбасары.

2010 жылдан 2011 жылға дейін Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары.

2011 жылдан 2016 жылдар аралығында Көлік және коммуникациялар вице-министрі, «Қазақстан Темір жолы» ҰҚ» АҚ вице-президенті қызметтерін атқарған. 

2016 жылдың наурыз айынан бастап Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің төрағасы.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз