Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
13
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Әріптесі сатып жіберді. Алматыда банкті шабуылдағандар ұсталды

Бұл туралы Алматы қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Арнайы құрылған шұғыл тергеу тобы банкке шабуылдаушылардың кім екенін жылдам анықтады. Олар қазір ұсталды. Тергеу ісіндегі дерекке сәйкес, қаскөйлер зардап шегушінің бір әріптесі берген ақпарат бойынша қимылдаған. Қылмыскерлер ірі сомадағы ақшаның шоттан алынатын уақыты мен орнын нақты білген. 1981 және 1987 жылғы алматылық екі жігіт ұсталды. Олар қамауға алынды. Бұл фактіге қатысты сотқа дейінгі тергеу ісі әлі жүргізіліп жатыр„ деп мәлімдеді Алматы қаласы ішкі істер департаменті Криминальдық полиция басқармасының бастығы Жанболат Зиядин.

Еске сала кетелік, 31-қазанда сағат 13:30 уақытында Тимирязев көшесінде орналасқан банк бөлімшесі ғимараты алдында оқ атылып, қылмыс орын алды. Шабуыл жасау фактісі бойынша Бостандық аудандық ішкі істер департаменті сотқа дейінгі тергеу жұмысын бастап кеткен болатын. Қаскөйлер шабуылынан зардап шеккен бір адам басына зақым келіп, ауруханаға жеткізілген болатын. Кейіннен әлеуметтік желіде осы банкке шабуылдың видеосы жарияланған болатын.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз