Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
3
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Риодан соң Қазақстанның ауыр атлеттері жарыстардан бір жылға шеттетілмек

Оның айтуынша, ендігіден бастап соңғы екі Олимпиадада үш спортшысынан допинг табылған құрама бір жылға дисквалификацияға ұшырайтын болыпты. Бастапқыда IWF Қазақстан мен Беларусьті Рио ойындарына жібергісі келмеген, бірақ халықаралық олимпиада комитеті өткен Олимпиадалардағы барлық алдыңғы допинг-сынамаларды тексеріп үлгермегендіктен тыйым сала алмаған еді.

– Қайта жасалып жатқан сараптамалар аяқталған жоқ. Қосымша мәлімет күтіп отырмыз, мүшелігі тоқтатылатын тағы бірнеше ел болады деп ойлап отырмын. Біз ауыр атлетиканы спорттың таза түріне айналдырғымыз келеді және оның бір ғана жолы бар – біздің ережелерді бұзатын елдерге тыйым саламыз. Қай елдің мүшелігі тоқтатылатынын қыркүйек айының соңында жария етеміз деп ойлаймын, – деді ол.

Ауыр атлетика федерациясының басшысы Токиодағы Олимпиадада бұл спорт түрінің абыройы басқа болады деп есептейді.

“Біз толықтай допингтен құтыламыз деп айта алмаймын. Бірақ мен сенемін, 2020 жылға дейін жағдай өзгереді”, – деп мәлімдеді Томаш Аян.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз