Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындары кезінде журналистер мінген автобусқа белгісіз біреулер оқ атқан, соның салдарынан екі адам жеңіл жараланды, деп хабарлады РБК.
Куәгерлердің айтулары бойынша, автобус баскетбол матчы өтетін орыннан бас олимпиада паркіне бара жатқан. Осы спорт нысандары аралығындағы жолда автокөлікке екі мәрте оқ атылып, автобустың терезесіне тиген.
Еске салайық, 6 тамызда ат спорты жарыстары өтетін орынға жақын маңда орналасқан баспасөз орталығының шатырына оқ тиген еді.