Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
2
USD
426
-0.24
EUR
496
+0.41
RUB
5.99
-0.01

Рио-2016: Қыздар арасындағы бокстан Олимпиадада тұңғыш қазақ қызы жүлдегер атанды

Дариға қазақ қыздары арасынан бокстан Олимпиада ойындарының тұңғыш жүлдегері атанды.

Алдында Шәкімова ең алғашқы жекпе-жегінде канадалық қарсыласы Фортинмені 2:1 есебімен ұтып, ширек финалға жолдама алған. Одан кейін ¼ финалда ол қарсыласы ресейлік Ярослава Якушинаны 3:0 есебімен жеңген  болатын.

Еске сала кетейік, Дариға Шәкімова Петропавл қаласында дүниеге келген. Жетістіктері: Азия чемпионы (2010); Қазақстан чемпионы (2013); Қазақстан чемпионы (2014); Азия чемпионы (2015); Қазақстан чемпионы (2016); Халықаралық дәрежедегі спорт шебері.

Шәкімова Олимпиада ойындарына жолдаманы Қытайда өткен бокстан Азия және Мұхит аймағы елдері бойынша Олимпиада ойындарына жолдама сарапқа салынған турнирде жеңіп алды. Олимпиада ойындарына биыл тұңғыш рет қатысты.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2021 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз