Нұр-Сұлтан
Қазір
12
Ертең
17
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Рио-2016: еркін күрестен қазақ қызы Эльмира Сыздықова қола медаль ұтып алды

– Қазір жеңісім үшін қандай да бір сезімдемін деп айта алмаймын. Бір белгілісі, мен қатты шаршадым, анамды көргім келеді.

Мен Қарағандыда тұрамын, ал ата-анам Солтүстік Қазақстан облысында тұрады. Олар қазір көз ілмей, мен үшін қобалжып отыр, –  деді Сыздықова „Р-Спорт„ ресейлік агенттігіне берген сұхбатында.

Сыздықова олимпиада турнирінің бірінші жекпе-жегінде ресейлік Наталья Воробьеваға жол беріп қойған. Ол күмісті еншіледі.

– Мен бірінші кездесуімде бозкілемге ресейлік балуанмен шықтым. Қарсыласым мықты, мен қатты дайындалдым, бірақ… Демек, жеткілікті деңгейде болмай шықты. Олимпиада ойындарында барлығы жеңіске жеткісі келеді, мұнда жеңемін деп келеді.

Мен де жеңу үшін келдім, бірақ, өкінішке қарай, болмады. Қазір қай жерден қателік жіберіп алғаныма басым жетпей тұр.

Бір демалып, мұның барлығын қорытып алу керек, – деді Сыздықова.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз