Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
17
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Риддерде бір әйел 15 жыл бұрын күйеуін өлтіргенін мойындап, полицияға өзі барды

111

Риддер қалалық ішкі істер басқармасының тергеушісі Денис Симоновтың айтуынша, полиция қызметкерлері өткен жылдардағы қылмыстарды ашумен айналысып жатқан. Күдіктілердің бірі туралы білу үшін зейнеткерге жүгінген. Оның күйеуі 2001 жылы хабар-ошарсыз кетіп, 4 жылдан кейін өлді деп танылған.

Полиция қызметкерлері кеткеннен кейін бірнеше сағаттан соң әйел ішкі істер бөлімшесіне өзі келген. Кезекшіге кісі өлтіру айыбын мойындауға келгенін айтқан. Оның жоғалып кеткен күйеуі өз ауласында көмілген болып шықты.

Әйел күйеуінің ішімдік ішіп, соққыға жығып тұратынын айтқан. Тергеу болжамы бойынша, 53 жастағы ер адам 2001 жылы 13 маусым күні кешке үйіне мас болып келген. Ол кезде жасы 46-да болған әйел ас үйде болған. Одан кейін күйеуі шу шығарып, балағат сөздер айтып, әйелін ұрып-соға бастаған. Жәбірленуші қорғану үшін қолына түскен затты алып, онымен күйеуінің басынан ұрған

“Әйел күйеуінің басынан жез келімен соққан. Одан ер адам одан сайын ашуға мінген. Сосын әйел ауыр жез келімен тағы екі рет күйеуінің басынан ұрады. Ер адам жерге құлаған, ал әйел басқа бөлмеге кеткен”, — деді тергеуші.

20 минуттан кейін ас үйге оралған әйел жұбайының өлгенін түсінген. Қорқып қалған әйел мүрдеден құтылу туралы шешім қабылдаған. Оны көрпеге орап, моншаның жанына көміп қойған. Бірнеше ай өткен соң полицияға күйеуінің жоғалғандығы туралы арыз жазған. 2005 жылы сот арқылы күйеуінің өлгені туралы ресми куәлік алған. Әйелі күйеуін өлтіргенін мойындағаннан кейін, яғни 15 жыл өткен соң, мүрде бір метрге жетпейтін тереңдіктен табылған.

Әйел үй қамауына алынды. Іс тергеуі жалғасуда, әртүрлі сараптамалар жүргізілетін болады. Әйелді 1997 жылғы Қылмыстық кодекспен соттамақ.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз