Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
4
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Риддерде бетперде киген үш адам марқұмның әкесін сабап кетті

Белгілі болғандай, ер адамның басына зақым келіп, мұрыны сынған, кеуде қуысында гематома пайда болған. Қазір ауруханада жатыр.

Істің барысын қадағалап жүрген қоғамшыл Роман Честных Смольниковқа шабуыл жасауға кім мүдделі деген сұраққа жауап берді.

“Мұны кім істегенін білмейміз. Отбасына қатысты әділеттілікке қол жеткізу үшін Виктор күресіп жүрген тұлғалар оны ұрып-соғуға мүдделі емес”, — дейді Честных.

Оның айтуынша, Смольников іс бойынша барлық куәгерден жауап алынбайынша процестік келісімге қол қоймағаннан кейін шабуыл жасалған.

YK.KZ өңірлік басылымының жазуына қарағанда, оқиға туралы Шығыс Қазақстан облысы әкімі Даниал Ахметов естіпті. Облыстық прокуратура мен ішкі істер департаменті бұл жайтты мұқият тексереді, деп сенім білдірді өңір басшысы.

Атышулы жол апаты
Жол апаты оқиғасы қоғам назарына іліккен. Сәуір айында бозбала көлік астына түсіп, алған жарақатынан ажал құшқан еді.

Кейінірек белгілі болғандай, оқиға кезінде рөлде Риддер әкімінің орынбасары Бауыржан Құрманбаев болған. Қасында Өскемен әкімі Қуат Тұмабаев отырыпты.

Тұмабаев Құрманбаевтың көлігіне отырып оқиға орнынан қашпақ болды, алайда ол бұл әрекеті үшін жазаға тартылмайды, деп хабарлады полиция.

Қаза тапқан жігіттің әкесі Виктор Смольников Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа видеоүндеу жолдап, істің әділетті қаралуын сұраған болатын. Смольников жол апатына қатысы барлардың бәрі жазасын алуын еткен.

Алайда 21 маусымда Смольников сотта мәлімдегендей, Риддер әкімінің орынбасарына кешірім беруге дайын және бостандығынан айыру жазасын сұрамайды. Құрманбаевтың әкесі ауыр дерттке шалдыққандықтан аяушылық білдіріпті.

l

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз