Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Риддер қаласы әкімінің орынбасары қызметінен қуылатын болды

Бірақ кеңес отырысына осы оқиғаға қатысы бар шенеуніктер келмеді. Өйткені Құрманбаев тергеу абақтысында отырса, Өскеменнің әкімі іссапармен Астанаға кетіпті. Кеңестегілер Бауыржан Құрманбаевты жұмыстан шығару туралы ұсынысты бірауыздан қолдады. Бірақ байтал түгілі бас қайғы болып жүрген ол, кінәсі дәлелденсе, 5 жылға сотталуы мүмкін.

Ал Өскемен әкімінің Құрманбаевтың мас күйінде көлік жүргізуіне неліктен жол бергені жайлы тергеу құпиясына байланысты айтылмады. Істе көлеңкелі тұстар да бар. Себебі, жол апатынан кейін Өскемен әкімі сол көліктің рөліне отырып, оқиға орнынан із суытқан. Апаттан қаза болған 19 жастағы жігіттің әкесі Қуат Тұмабаевтың әрекетті жіті тексерілсін дейді.

“Менің ойымша, Өскемен әкімінің де қылмысқа қатысы бар. Біріншіден, көлік тізгініне мас адамды отырғызған. Екіншіден қарасақ, менің баламды Бауыржан Құрманбаев соққан болса, неге ол сол көліктің рөліне отырып із суытпақ болды? Сұрақ көп”,-дейді марқұмның әкесі Виктор Смольников

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз