Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
3
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Республика бойынша жалақысы төмен жұмысшылар 29 млрд теңге қосымша жалақы алады

“Ағымдағы жылдың 5 наурызында Мемлекет басшысы 5 әлеуметтік бастамасын жариялады.
Екінші бастамаға сәйкес, 25 айлық есептік көрсеткіш немесе 63 мың теңгеден төмен жалақы алатындар үшін жеке табыс салығының мөлшерлемесі 10 есеге азайтылады. Жалпы республикада мұндай еңбекақыны 2 миллионнан астам адам алады. Негізінен бұл – ауыл шаруашылығы мен саудада», – деді ол.

Оның айтуынша, аталған бастаманы іске асыру мақсатында мемлекеттік органдармен және «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлескен жұмыс жүргізілді. Жұмыс нәтижесі бойынша жалақысы төмен жұмысшылардың жеке табыс салығын төмендетудің оңтайлы тетігі айқындалды.

«Мәселен, айлыққа салынатын табыс салығы 90 пайызға азайтылатын болады. Қалған еңбекақыға 10 пайыз мөлшерлемемен жеке табыс салығы салынады. Яғни, салық жүктемесі 10 есеге төмендейді. Сонымен бірге жұмыс берушінің әкімшілік шығындары барынша азайтылды. Жалпы республика бойынша жұмысшылар 29 млрд теңге шамасында қосымша еңбекақы алатын болады», – деді Руслан Дәленов.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз