Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
17
USD
475
+0.11
EUR
516
+0.21
RUB
5.5
-0.08

Өткен жылы орташа жалақы ресми түрде 18%-ға өскен

Фото: shutterstock.com

Ресми статистика бойынша 2021 жылдың қазан-желтоқсан айларында орташа жалақы 275 580 теңгені құрады. Ал жалпы бір жыл ішінде 18,2%-ға немесе 42,4 мың теңгеге өсті. Яғни, ресми инфляциядан екі есе жоғары.

Теңгерімсіздік азайды

Қазақстан бойынша жалақы мөлшері өңірге байланысты әр түрлі, бірақ статистиктердің мәліметтері бойынша бұл алшақтық тұрақты түрде азайып келеді. 2021 жылдың IV тоқсанында еңбекақы төлеудің ең жоғары орташа деңгейі Атырау облысында байқалды – 420,4 мың теңге (орташа республикалық деңгейден 53%-ға артық). СҚО-да ең төменгісі – 203 мың (ел бойынша орташа көрсеткіштен 26%-ға аз). Екі аймақтың арасындағы айырмашылық – 107%. Көп. Бірақ бұрынғыға қарағанда аз:

  • 2018 жылдың IV тоқсанында аймақтар арасындағы жалақы айырмашылығы 185%
  • 2019 жылдың IV тоқсанында – 150%
  • 2020 жылдың IV тоқсанында – 126% болған.

Оңтүстікте жалақы тез өсуде

Алшақтықтың азаюы оңтүстік өңірлердегі жалақының жылдам өсу қарқынына байланысты. 2021 жылғы қазан-желтоқсанда Жамбыл облысында орташа көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 27,5%-ға артық болды. Алматы облысында өсім 27%-ды, Түркістан облысында 24,7%-ды құрады. Нәтижесінде, жылдың аяғында ең төменгі жалақы елдің оңтүстігінде емес, солтүстігінде болды.

Екінші жағынан,

  • Атырау облысында жалақының өсу қарқыны 11,4%-ды
  • Нұр-Сұлтанда – 11,9%
    Батыс Қазақстан облысында – 13,2%-ды құрады.

Яғни, еңбекақысы жоғары өңірлерде ол орташа республикалық жалақыдан шамамен үштен бірге артта қалып отыр.

Қай жерде көбірек төлейді

Қазақстанда орташа жалақы миллион теңгеден асатын экономикалық қызмет түрі бар: бұл теңіз және жағалаудағы жүк көлігі. Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2021 жылдың IV тоқсанында орташа еңбекақы мөлшері айына 1 млн 054,1 мың теңгені құрады. Бір жыл ішінде бұл көрсеткіш 7%-ға немесе 68,9 мың теңгеге өсті.

Балық аулау және аквамәдениет саласындағы жалақы ең төмені. Мұнда 98,6 мың теңге төленеді (бір жыл ішіндегі өсім 10,6% немесе 9,4 мың). Мектепке дейінгі білім беруде біршама жоғары: орташа мөлшері 112,6 мыңды (+21,7%, немесе 20,1 мың) құрады.

Жалақы қай салада тез өсуде?

Жалпы, бір жыл ішінде компаниялардың бас кеңселерінде және консалтингтік фирмаларда жалақы тез өсті. Еңбекке ақы төлеудің орташа мөлшері 179,9 мың теңгеге өсіп, 786,5 мыңға жетті. “Міндетті әлеуметтік сақтандырудан басқа, сақтандыру, қайта сақтандыру және зейнетақы қорларының қызметі” бағыты бойынша да өсім осы деңгейде болып, 178,3 мың (674,5 мыңға дейін) қосылды.

Жұмысқа орналастыру саласындағы орташа жалақы бәрінен де төмен болды – бір жыл ішінде 608,8 мың теңгеден (2020 жылдың IV тоқсанында) 589,3 мың теңгеге дейін азайды. Ветеринарлардың көрсеткіштері 175-тен 161,9 мың теңгеге дейін төмендеді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз