Ресей шаңғышысы Андрей Шамшурин АҚШ-та өткен ардагер шаңғышылар арасындағы әлем чемпионатында жарыс жолында келе жатып көз жұмды.
Бұл туралы skisport.ru сайтына сілтеме жасап, ҚазАқпарат хабарлады.
«Лыжный спорт» журналының редакциясы мәлімдегендей, 1963 жылғы ресейлік шаңғышы жарыс жолында келе жатып көз жұмған. Ардагерлер арасындағы чемпионат 26 қаңтар күні Миннесота штатында өткен болатын. Куәгерлердің айтуынша, ресейлік шаңғышы мәреге сәл ғана жетпей қалған. Енді спортшының отбасына мәйітті АҚШ-тан жеткізу қомақты қаражат керек.