Ресейдің Қалмық Автономиясында тұратын Богла Убушиев есімді ақсақалдың жасы тоқсаннан асып кеткен. Оны ауылдастары мен көршілері “соғыс ардагері” деп ардақ тұтып, барынша сый-құрмет ұсынып келген. Алайда архив қызметкерлері кездейсоқ жағдайда оның, шын мәнінде, кім екендігін анықтады.
Бұл туралы qasym.kz хабарлайды.
Сталиндік лагерде 14 жылын өткізіп, еліне қайтады. Кейін бірнеше мәрте арызданып, ақталғысы келген. Алайда Ресей билігі оның әрекетін одақ тараған тұста да кешірмепті. Сондықтан ақсақал басқа жолды таңдайды.
Таныстары арқылы ардагер куәлігін жасатып алады, кеудесіне бірнеше орден-медалді қадайды. Болды. Ол енді ардагер. Ауылдастары оны жыл сайын құттықтап, сыйлықтар ұсынып келген.
Ал қылмысы ашылғанда, бәрі одан теріс айналды. Ал Богла Убушиевтің өзі болса, неміс әскерінде не істегенін «ұмытып» қалыпты.
Біліп жұрейік😎😎😎
Gepostet von Nyrjan Nasipkaliev am Sonntag, 21. Mai 2017