Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
4
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

Ресейге санкция салынды. Енді үшінші дүниежүзілік соғыс бола ма?

210

Сонымен, Ресейге қарсы бұрын-соңды болмаған аса қатаң санкция заң түрінде салынды. Мұның салмағы да, салдары да тым ауыр.

Ресей әлемдегі ең изгой, өркениетті елдер арасында “жауыздық осі” деген атауға ие болған елдер қатарына (Иран, КНДР) қосылды»,

деп жазыпты ол.

Санкция соғысқа жеткізіп жүрмей ме?

Ал журналист Серік Жанболат «санкция соғысқа жеткізіп жүрмей ме?», деген сауал тастайды:

«Ресейге тұсау салынды.

Енді ол аш күзендей бүгіле бастайды. Тек жеміне атылу қалады оған. Онша жақсы емес, меніңше.

Өйткені, әлем экономикасының бір пайызы мұндай алып елге аздық етеді. Алып армияны, ядролық күштерді, флотты, ғарыш әскерін, шенеуніктер мен бюджеттегілерді асырап ұстап тұру – оңай шаруа емес.

Ресей қазір өткен ғасыр басындағы Германияның кебін киіп отыр. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін, Версаль бітімінің нәтижесінде, Германия қандай күй кешіп еді?

Неміс халқының ызадан қорлануы билікке Гитлер бастаған ұлтшылдарды алып келмеп пе еді? Олар ұлтқа рух беріп, әскери машинаны, әскери экономиканы іске қоспады ма? Мемлекеттік тапсырыс алып зауыттарға жан бітіріп, әскери-өндіріс кешеннің қуаты жаңа әскери тапсырыстарын сұрай бастады.

Бұл қарқынды құлатпаудың жолы біреу-ақ – соғыс.

Сөйтіп, екінші дүниежүзілік соғыс басталып жүре берген. Әскери, немесе соғыс экономикасы дегеніміз міне осы.

Осыдан үш жыл бұрын Ресей әскери-қорғаныс кәсіпорындарын қайта құрылымдады. Сол кезде Ресейді әскери экономика күтіп тұр ма деген қауіп, әлсін-әлсін айтылған. Яғни, санкцияның болу қаупін ескерген боп тұр ғой.

Яғни, соғыс экономикасының жүріп кету мүмкіндігін жоққа шығара алмаймыз-ау! Онда не болады?»,

деп жазыпты Серік Жанболат.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз