Нұр-Сұлтан
Қазір
23
Ертең
18
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Ресейге 26 келіден астам зергерлік бұйымды заңсыз өткізбек болған азамат ұсталды

Шекара қызметі «Жағалау күзеті» өңірлік басқармасына қарасты «Құрманғазы-авто» бақылау-өткізу бекетінің шекара наряды шекаралық бақылау жасау кезінде үлкен көлемдегі зергерлік заттарды заңсыз жолмен алып өтуге тырысқан 34 жастағы Ресей азаматын ұстауға мәжбүр болды.
Жалпы салмағы 26 келі 785 грамм болатын зергерлік заттар Ресей жеріне қарай сапар шегіп бара жатқан азаматтың «Тойота» көлігінің ішінен шықты.

Зергерлік заттардың ішінде қасықтар, крест, білезіктер, алқа, жиегі әшекейленген басқа да заттармен қатар жүзік, тигель, мөртабандар тағы да басқа заттар жасауға арналған штамптар табылды. Олардың жалпы саны – 6 пакет, салмағы – 21 кг 105 грамм болды.

Ұсталған деректер бойынша Атырау облысының Құрманғазы аудандық ішкі істер органдары хабарландырылды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз