Ресей спортшысы Инна Тражукова Ресейдің күрес федерациясының президенті Михаил Мамиашвили Олимпиада ойындарындағы жеңілісінен соң өзін ұрғанын айтты.
Ол Риода үшінші орынға Польша балуаны Монике Михаликамен таласып, оған жол беріп қояды. Жеңіліп оралғанда оны ішіп алған Мамиашвили күтіп алып, сол арадағы көпшіліктің көзінше балағаттап, бетінен екі рет тартып жіберген деп хабарлады НТВ.ru.
Инна Тражукова:
– Мен құлдықта жүрген адам емеспін. Жеңіліс үшін мені бұлай масқаралауға ешкімнің қақысы жоқ. Мені елдің көзінше төмендетті. Мен оны тоқтатқым келеді, басқа спортшылар да зардап шекпес үшін.
Мамиашвили спортшыға қатты-қатты сөз айтқанын мойындайды.
Ал Рио ойындарындағы Ресей делегациясының басшысы Игорь Казиков өзіне мұндай мағынада шағым түспегенін мәлімдеді.
Еске сала кетелік, Мамиашвили осыған дейін Олимпиадада алтын медалді қарсыласына жіберіп қойған Наталья Воробьёва мен Валерия Кобловаға да осылай дөрекілік танытқан болатын.
Ол: “алтын медалдарды “сыйлау салу” – бұл барып тұрған мүсәпірлік” деп салған.