Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
24
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Ресейден көшіп келген жеткіншек 10 жылға сотталды

Кәмелеттік жасқа толмаған Аманов құрдастарына зорлық-зомбылық көрсетті деген күдікке ілінген. Бұл оқиға 2016 жылы 4-ақпанда болған.

Сот оны ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабы, 3-бөлігі, 3-пункті “Кәмелеттік жасқа толмағандарға қарсы қасақана сексуалды сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеті” бойынша 10 жылға бас бостандығынан айыруға шешім шығарды. Апелляциялық шағымдардың түсірілгеніне қарамастан, 2016 жылы 16-қарашада бұл істі қайта қараған апелляциялық инстанция соты сотталушының айыпты екеніне еш күмән білдірген жоқ. Сотталған баланың анасы сот үкімімен келіспейді.

“Менің ұлым – өте ұяң, тыныш бала. Сексуалды сипаттағы зорлық-зомбылық әрекетін жасады дегенге сенбеймін. Оны үнемі жанымда ертіп жүретінмін. Мектептен соң ұлым жаттығуға баратын, содан кейін үйге қайтатын. Қазақстанға жақында ғана көшіп келдік, әлі ешкіммен достасып үлгерген де жоқ. Ал, сыныптастарымен мектептен соң күндіз ғана жолығатын. Түрмеде балам өз-өзіне қол жұмсауға тырысқан, бірақ қасындағылар оның әрең дегенде құтқарып қалды”, — дейді баланың анасы.

Ашынған ана қол қусырып отырмақ емес.

“Біріншіден, кәмелеттік жасқа толмаған баланы жасөспірімдерді азғындатты деп айыптағандарын түсінбеймін. Ресей Федерациясының азаматы болғандықтан, Владимир Путинге хат жаздым. Енді Астанаға барып, Қазақстан Жоғарғы сотына кассациялық шағым түсірмекпін. Баламның екі адвокаты бар, бірақ бәрі бір әділдікке қол жеткізе алмай отырмыз”, — деді сотталған баланың анасы.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз