Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
11
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Ресейдегі карантин: компаниялар қызметкерлерін жұмыстан шығарып жатыр

258

Наурыз айының соңында Владимир Путин Ресейде жұмыс істемейтін күндердің енгізілгені туралы алғаш рет жариялады. Президент Жарлығына сәйкес,  30 наурыз бен 3 сәуір аралығында барлық жұмыс орындары тоқтатылады. Басты мақсат – коронавирустың таралуын тежеу: адамдардың үйден шығу себептері азайған сайын соғұрлым  бір-бірімен азырақ байланыста болады. Кейіннен жұмыс істемейтін күндер сәуір айының соңына дейін ұзартылды.

Сондай-ақ, оларда бір өзгешелік бар: қызметкерлерінің жалақысы сақталуы керек. Яғни, жұмыс істемесе де, ақша төлейтін болады: көпшілік алдымен бұл идеяға оң көзқараспен қарағаны таңқаларлық емес. Еңбек министрлігінің мәлімдемесі де адамдардың сенімділігін арттырды. Онда: ақысыз еңбек демалысына жіберуге болмайды, қызметкердің өз есебінен еңбек дамалысына оның келісімімен ғана жіберуге рұқсат, ал жалақысын кешіктіріп немесе оны толық  көлемде төлемеуге жұмыс берушінің құқығы жоқ.

Жұмыстан шығара бастады

Бірақ мереке қысқа болды. 31 наурыздан 2 сәуірге дейін жүргізілген стратегиялық зерттеулер орталығының сауалнамасы (яғни бірінші жұмыс істемейтін аптада) компаниялардың 30%-ға жуығы қызметкерлерді өз есебінен демалыс алуға мәжбүр еткенін көрсетті. Кәсіпорындардың тең жартысына жуығы (49%) қызметкерлерін қысқартылған жұмыс күніне ауыстырып, тиісінше жалақыларын қысқартқан. Компаниялардың 20%-дан астамы жұмыс сағаттарының санын өзгертпестен, қызметкерлерінің жалақысын қысқартқан. Әрбір бесінші кәсіпорын қызметкерлерін қашықтан жұмыс істеуге көшіріп, жалақысын төмендеткен. Компаниялардың 16% жұмысшыларын қысқарта бастаған.

Бұл мәжбүрлі жұмыссыз аптаның алғашқы күндерінде ғана болған жағдай, ал алда тағы бірнеше апта бар

Мұндай әрекеттердің басты себебі – пайданың төмендеуі. Бұл сұраныстың азаюы, рубльдің құнсыздануы, карантинге қатысты шектеулер және басқа да факторлардан болып отыр. Осындай жағдайда жұмыс берушілер шығындарды оңтайландырудан басқа ешнәрсе істей алмайды.  Ал ол үшін жалақыны қысқартып, қызметкерлерді жұмыстан шығаруда.

Көмек керек

Мемлекеттік қолдау ғана жағдайды түзете алады. Сауалнамаға қатысқандардың пікірінше, ең маңызды шара жарты жылға дейінгі  мерзімге ҚҚС алып тастау, алты ай бойы толық көлемде жалақы төлеу үшін мемлекеттік субсидия беру. Бизнес-қауымдастықтар мемлекеттен уақытша жұмыс тоқтатылған сәтте жалақылардың үштен екі бөлігін төлеп беруді сұрап отыр.

Бірақ билік ешқандай жауап қатқан жоқ.

ШОБ арналған салықтарды кейінге қалдыру қарастырылып жатыр, бірақ ҚҚС алып тастау туралы сөз болмады

Қызметкерлердің жалақысын төлеу үшін нөлдік мөлшерлемемен кредит беру бизнес өкілдерінің қызығушылығын тудырмай отыр. Оларды ең төменгі жалақыны төлеу үшін береді, ал пайыздары тек алғашқы айларда ғана есептелмейді. Басқа да қолдау шаралары туралы (мәселен, онлайн-сатылымдар кезінде комиссияны төмендету) көбісі біле бермейді.

Бұл бизнес үшін жақсылықпен аяқталмауы мүмкірн. Сауалнаманың мәліметтеріне сүйенсек,

Ресей компанияларының 28%-ы банкроттыққа жабылу қаупі төніп тұрғанын айтуда

Қазірде сауда, жылжымайтын мүлік, тысымалдау, құрылыс және қызмет көрсету саласының барлығының жағдайы қиын.

Құлдыраудың алдында

Экономистер де бір айға созылатын жұмыссыздық режимінің салдары жалдамалы қызметкерлерге ғана емес, кәсіпкерлерге де тиімсіз болатынын айтады. Барлығы дерлік 2020 жылы ресей экономикасы құлдырайтынын айтып отыр: ЖІӨ қысқарады, бұған жұмыссыз ай да өз септігін тигізеді.  бірақ қаншалықты қысқаратынына қатысты бір жақты пікірлер жоқ, түрлі бағалаулар бойынша сәуір айында ЖІӨ 1,5-нан  3%-ға дейін қысқарады.

Есептеу палатасының басшысы  Алексей Кудрин 1 сәуірдің өзінде (жұмыс істемейтін апта ұзартылмастын бұрын) 2020 жылы экономика 3–5% төмендейтінін айтқан еді. Оның ойынша, мемлекет «ерекше қолдау шараларын» қолану керек, мәселен кейбір салалардағы қызметкерлердің жалақысын сақтап қалу үшін тікелей субсидия бөлу.

Көп нәрсе карантин жағдайы мен сыртқы факторларға ғана емес, бизнес иелерінің әрекетіне де байланысты болады. Экономистердің түсіндіруінше, кәсіпкерлер жеке қаражатымды бизнесті құтқару үшін беруім керек пе деген таңдаудың алдында тұрады.

Егер жауабы оң болса келесі проблема шығады: әркімнің қорғаныш жастығы әртүрлі, қалай дегенмен де апта өткен сайын банкротқа ұшырағандардың саны арта бастайды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз