Нұр-Сұлтан
Қазір
14
Ертең
18
USD
423
-1.75
EUR
499
-5.37
RUB
5.64
-0.04

Ресейдегі Дума сайлауына қатысуға 22 партия өтініш берді

Қалған 21 партияның 14-і федералдық саяси науқан қарсаңында сайлаушылар тізімін жинаудан босатылады. Мұндай партиялардың қатарында Думаның қазіргі шақырылымында өкілдері бар төрт партия – ЛДПР, «Справедливая Россия», КПРФ және «Единая Россия», сондай-ақ парламентте өкілдері жоқ «Яблоко», ПАРНАС, «Партия роста» секілді саяси партиялар бар.

Заңға сәйкес, Орталық сайлау комиссиясы құжат тапсырылғаннан кейінгі жеті күннің ішінде партиялық тізімдерді бекітуі керек.

Бұл сайлаудың бұған дейінгілерінен ерекшелігі, енді Мемлекеттік дума құрамының бір бөлігі партиялық тізіммен, келесі бөлігі – бір мандаттық округтердегі сайлау нәтижесімен жасақталады.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз