Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
4
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Ресейде жүрген Қазақстан тумасы баласын пәтерге ауыстырмақ болды

Ер адам Ғаламторда жариялап, кейін, сатып алушымен сөйлесіп, ұлын 1,5 миллион рубльге сататынын айтты, деп жазады.

Алайда келісім құқық қорғау органдарының бақылауымен жүргізіліп, пысық ер адам ұсталды. Оның қолында баланың туған анасының қайтыс болуы туралы куәлік болған, алайда кейіннен бұл құжаттың жалған екені, ал әйелдің Қазақстанда жүргені анықталды.

«Баласының сатылу-сатып алыну ісін жеңілдету үшін айыпталушы азаматтық некедегі әйелімен бірге жалған құжаттар жасатты. Сұрау кезінде айыпталушы ізгі ниетте әрекет еткенін айытты – ол туған анасы тастап кетіп, Қазақстанға кетіп қалғандықтан, баласын жақсы отбасына бергісі келген. Сатудан түскен ақшаға тұрғын жағдайын жақсартуды жоспарлаған екен», – деп баяндады Ресейдің Липецк облысы бойынша ТК ТБ-нің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Роман Бочаров.

Аймақ бойынша ТК-дан айыпталушының өз кінәсін толық мойындағанын қосып өтті. Енді іс сотқа жіберілді. Алайда ер адамның жалған құжаттарды дайындауға қатысқан азаматтық некедегі әйелі сотталмайды. Оған қатысты қозғалған қылмыстық іс тоқтатылды: әйел жасаған ісіне өкініш білдірді, оған қоса, оның кішкентай баласы бар.

липецк

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз