Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
9
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Ресейде шетел агенттерін іздестіру күшейтілді

Әділет министрлігінің сұрауы бойынша, ұйымдар соңғы төрт жылдағы қызметіне қатысты хаттамаларын, жұмыс туралы есептерін, жарияланған материалдар тізімін, қаржы, банк және басқа да құжаттарын тапсыруы керек.

“Мемориал” қоғамы – Ресейде бұрыннан бері қызмет ететін үкіметтік емес ұйым, ол 1989 жылы КСРО кезінде құрылған. “Мемориал” жұмысы – КСРО-дағы саяси қуғын-сүргіндерді зерттеу, Үлкен террор құрбандарының мұрағатын дайындау, қаза тапқандардың естеліктерін жазу, адам құқығын қорғау және ағарту қызметін жүргізу.

“Мемориалдағы” 2013 жылғы тексеруден соң, қоғамға шетел агенті ретінде тіркелу ұсынылды. “Мемориал” орталығы Мәскеудегі, Рязандағы және Екатеринбургтегі реестрлерге шетел агенті ретінде енгізілген. 5 қыркүйекте Әділет министрлігі коммерциялық емес ұйымдар реестріне “Юрий Леваданың сараптамалық орталығын” (“Левада-центр”) да “шетел агенті” ретінде тіркегенін жариялады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз