Ресейде фамилиясы Путин деген бір шенеунік жұмыстан қуылды. Ол ірі лауазым иесі, Ханты-Мансийск автономдық округы губернаторының орынбасары болған екен, деп хабарлайды округтың ресми сайты.
“Югра губернаторы Наталья Комарова Алексей Путинді 2016 жылдың 20 қыркүйегінен бастап Ханты-Мансийск автономдық округы губернаторының орынбасары қызметінен босату жөніндегі құжатқа қол қойды”, – делінген баспасөз-хабарында.