Дүйсенбі күні Ресейдің ондаған қаласында саясаткер Алексей Навальныйдың жақтастары ұйымдастарған коррупцияға қарсы митингтер өтті. Полиция акцияны заңсыз деп танып, қатысушыларды жаппай ұстады.
Соңғы ақпарат бойынша, Мәскеуде 731 адам, Санкт-Петербургте шамамен 500 адам ұсталған. Полиция қатысушыларға күш қолданған. Ресейдің басқа қалаларында 140 адам ұсталған. Қамауға алынғандардың жалпы саны 1400-ге жеткен.
Митинг алдында Навальный академик Сахаров даңғылында рұқсат етілген митингті Тверск көшесіне ауыстыру жөнінде мәлімдеген. Мәскеу мэрі қатысушылар ұрансыз, плакатсыз жүретін болса ғана Тверск көшесіне өткізуге рұқсат берген.
Митинг өткізуге Ресейдің үкімет басшысы Дмитрий Медведевке тиесілі болуы мүмкін делінген зәулім үйлер мен жер учаскелері жөніндегі зерттеу фильмі себеп болды.