Нұр-Сұлтан
Қазір
-7
Ертең
-12
USD
499
+3.47
EUR
520
-0.93
RUB
4.85
-0.06

Ресейде “Казактардың ортақ біріккен одағы” құрылды. Оның мақсаты не?

392

Біріккен казактар одағында 200 мың казак әскері болатыны айтылуда.

Бұл ұйымның мақсаты біртұтас Ресейді сақтау және өзге мемлекеттердегі казак ұйымдарымен қатынасты нығайту болмақ.

Бұл өте қауіпті тенденция деген сөз.

Казак әскерлері қашанда Ресейдің айтқанын орындаған. Патшалық Ресейге, кейіннен КСРО-ға, одан кейін Ресей Федерациясына қызмет еткен.

Ресей территориясының осыншалықты кеңдігі – казак әскерлерінің өзге халықтарға аяусыз шапқыншылықтарының арқасы.

Қазақтың жерін отарлаудағы басты күш, артынша жазалаушы әскери жасақтары да осылар еді. Жүздеген мың қазақтың қазасын тағы қосыңыз.

Атаман Анненковтың бір әскері Жетісу мен Шығысты қан қақсатқаны тағы бар. Тіпті 90-жылдары түрлі казак ұйымдары еліміздің батысы мен шығысында бас көтеріп, сепаратизм дәнін сеппек болды. Бұның бәрі бізді аталмыш жағдайды мұқият назарға алуға итермелеуі тиіс.

Украинаның шығысында казак жасақтарының соғысып жатқаны жасырын емес. Тіпті Сирияда да бар деген ақпараттар желдей есіп жүр.

Шын мәнінде мұндай одақтарға Ресей қандай бұйрық берсе де, қайда бар десе де орындайтыны анық. Осыны қаперге алу керек.

Осы ретте біздің құқық қорғау органдары, ҰҚК, Барлау қызметтері аса сақ болады деп сенемін. Сенім артамын. Кез келген ұлттың бейбіт өмір сүруіне Құдай да, Заң да рұқсат берген.

Алайда ұлттардың мемлекеттік құрылымды, тыныштықты, аумақтық тұтастықты бұзуға бағытталған одақ құруына қатаң тыйым салынған. “Сақтықта қорлық жоқ” деп барлық бірлестіктерді тексеріп, қарудың бар-жоғын анықтап, идеологиясы мен мақсатын білген абзал.

Асхат ҚАСЕНҒАЛИ,

Фейсбук парақшасынан

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз