Орынбор облысында жол апатынан бес қазақстандық көз жұмды, екеуі жарақат алды.
Ведомствоның мәліметінше, жол апаты бейсенбі, 28 қарашада сағат 13.00 шамасында Орынбор облысындағы Елшанка ауылының маңында болған.
Орынбор – Соль-Илецк автожолының 52-ші шақырымында MAN жүк көлігі мен Volkswagen Sharan соқтығысты, жеңіл көлікте жеті Қазақстан азаматы болған.
Апат салдарынан оқиға орнында бес адам қаза болды, екеуі Соль-Илецк ауруханасына жеткізілді.
Алдын ала мәлімет бойынша, қаза болғандардың үшеуі Ақтөбе облысының, екеуі Қызылорда облысының тұрғыны.