Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
-14
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Ресей және Қырғызстанмен шекара жабылса Қазақстанда азық-түлік тапшылығы бола ма?

287

Шекараларды жабу және республиканың екі ірі қаласында карантиннің енгізу халықаралық сауданы қиындатты. Азық- түлік өнімдерін Қазақстанға әкелуге болады, алайда ол үшін күшейтілген ветеринарлық бақылаудан өту керек. Ресей мен Қырғызстан шекарасында мұндай 32 бекет бар. Ауыл шаруашылығы министрлігінің деректері бойынша,

2019 жылы 213 автокөлік тексеруден өткен жоқ, 2020 жылдан бастап- 93

Қазақстанға бұл елдерден әкелінетін тауарлар қаншалықты керек?

Жыл басында ет бағасы қымбаттап кетті

2019 жылы Ресейден елімізге 30,3 мың тонна ет және қосымша өнімдер әкелінді. Мәмілелердің жалпы көлемі 43,4 млн долларды құрады. Бұл 2018 жылдың көрсеткішінен әлдеқайда аз: ол кезде импорт көлемі 75 мың тоннаны ($51,5 млн) құрады.

Осылайша, ресейлік ет пен субөнімдердің бағасы бір жыл ішінде екі еседен астам өсті. Егер 2018 жылы  бір тоннасының орташа бағасы 686 долларды құраса, 2019 жылы 1 432 долларды құрады.

2020 жыл импорттың өсуінен басталды. Қаңтар айында Ресейден Қазақстанға 2,3 мың тонна ет әкелінген, бұл алдыңғы жылдан бір жарым есе артық. Импорт құны одан да жылдам өсуде – 57% ($2,9 млн дейін). Ресей ТМД елдерінің ішіндегі ең басты ет жеткізуші емес,  2019 жылдың желтоқсанында, 2020 жылдың қаңтарында Қазақстанға посткеңестік кеңістік елдердің бірі Беларусьтен әкелінген ет көлемі көбірек болған.

Ағымдағы жылдың бірінші айында

2,5 мың тонна (7,4 млн доллар) белорусь еті  әкелінген, бұл 2019 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда бес есе жоғары

Қырғызстаннан Қазақстанға ет өнімі ол сирек әкелінеді. Ресми мәліметтер бойынша, 2018-19 жылдары 200 тоннаға жетпеген, ал 2020 жылдың қаңтарында жеткізілімдер болған жоқ.

Салыстыру үшін: статистика комитетінің мәліметтері бойынша 2019 жылы Қазақстанда 289 мың тонна ет пен қосымша өнім өндірілді , ал жыл ішінде өнім шығару көлемі 9,8%- ға өсті. Басқаша айтқанда, етке деген ішкі қажеттілікті отандық тұтынушылар 84,6%- ға жабады.

Сырттан әкелінетін сүт көлемі қысқарды

2019 жылы сүт пен кілегей импорты төмендеді. Бұл Ресейден әкелінетін көлемнің қысқаруына байланысты емес. Бір жыл ішінде сатып алудың нақты көлемі 17,3- тен 13,7 мың тоннаға дейін , яғни 21%- ға қысқарды.

Ақшалай мәнде 14,6%-ға — 19,3 млн долларға дейін қысқарған. Сондай-ақ, Қырғызстаннан жеткізілетін өнім 10,4 мыңнан ($6,4 млн) 13 мың тоннаға ($6,9 млн) дейін азайды.

2020 жылдың қаңтарында кері үрдіс байқалды. Ресей Қазақстанға сүт пен кілегей жеткізуді екі есе ұлғайтты (1,8 мың тоннаға дейін — $3,2 млн), ал Қырғызстан 13,9%- ға (0,9 мың тоннаға дейін және $0,5 млн) қысқартты.

Бұл көп немесе аз ба? 2019 жылы сүт пен кілегей өндірісі 556,5 мың тоннадан асып, 2018 жылғмен салыстырғанда  3,4%- ға өсті. Яғни, отандық өндірістің көрсеткіштері импорттан бірнеше есе жоғарылады.

Өсімдік майының басым бөлігі импортталады

Бүкіл қазақстандық импортың төрттен үшін Ресейден әкелінетін өсімдік майы мен басқа да майлары қамтамасыз етеді. 2019 жылдың қорытындысы бойынша жалпы көлем 130,7 мың тоннаны құрады . Бұл ретте импорт құны төмендеді. Мәмілелердің жалпы көлемі 106,2- ден 94,4 млн долларға дейін , яғни 10%- ға төмендеді.

Бір қызығы, ресейлік өндірушілердің орнына біздің нарықта Индонезия (1,3 мың тонна, өсім 10 есе) мен Малайзиядан (3,5 мың тонна, өсім бір жарым есе)әкелінетін май өнімдерінің көлемі артуда.

Қазақстанның өзінде өндіріс көлемі артты. 2019 жылы 484,4 мың тонна өнім өндірілген. Бұл 2018 жылмен салыстырғанда 24,6% артық.

Қант өндірісі төмендеип, импорт көлемі артуда

2020 жылдың басында Ресейден қант импорты күрт өсті. Егер 2019 жылдың қаңтар айында Қазақстанға 10,1 мың тонна өнім әкелінсе, бір жылдан кейін – 34,4 мыңға жеткен.

Қазақстандағы отандық өндіріс көлемінің төмендеуі импорт арқылы келетін өнімнің көбеюіне ықпал етті. Мысалы, 2020 жылдың ақпан айында,  қазақстандық өндірушілер 2,2 мың тоннаға жетпейтін өнім шығарды. Соңғы 7 жылда айлық көлем екі кезде ғана төмендеді. 2015 жылы желтоқсанда 1,5 мың тонна,  2018 жылдың шілдесінде  824 тонна өндірілді.

Екі айдың қорытындысы бойынша өндіріс көлемі 2019 жылғы қаңтар-ақпан деңгейінің 14,8%-ын ғана құрады. Нәтижесінде қазақстанда екі айда өндірілетін қант көлемі бір айдың ішінде  Ресейден әкелінетін қант көлемімен бірдей.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз