Воронеж облысында Шешенстанның екі азаматы автотұрақта тұрған ауыр жүк көлігін тонаған.

Олар жүк көлігі жүргізушісінен 3 мың рубль мен 200 евроны тартып алған деп айыпталады деп хабарлады ТАСС.
„ М-4 „Дон„ трассасының 741 шақырымында шамамен Богучарск ауданында қызметте тұрған жол көлік қызметіне Lexus GS 300 автокөлігін ұстау туралы бұйрық келді. Келіп түскен ақпаратқа сәйкес, ол көліктегілер ауыр жүк көлігін тонаған деп күдікке ілінген. Онда Шешенстан Республикасының 35 жастағы екі азаматы болды. Оларды ұстау кезінде Беларусь Республикасына тиесілі тағы бір ауыр жүк көлігінің тоналғаны туралы хабар келіп түсті. Ол да қазақстандық тоналған трассада келе жатқан екен.
Lexus GS 300 көлігін тексеру кезінде 19 мың рубль және 200 евро, сонымен қатар ақ ұнтағы бар кішкентай пакет, түсі есірткіге ұқсас сұйықтығы бар құты табылды. Олар тәркіленіп, зерттеуге жіберілді. Аталған іске қатысты РФ Қылмыстық кодексінің „Тонау„ бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды„ делінеді баспасөз баянында.