Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
0
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Ресей тағы масқара болды! Ердоғанның Путиннен кешірім сұрағаны өтірік болып шықты

– Путинге жазған хатында Ердоған  “I am sorry” (Өкініш білдіремін) деді, ал “I apologize” (Кешірім сұраймын) деп мүлде айтпаған, – дейді ресми өкіл. 

Оның айтуынша, кешірім сұрау мен өтемақы төлеу мәселесі талқыланбайды да. 

“Оның үстіне біз орын алған жағдайға өкініш білдіретінімізді хабарлағанбыз. Біздің позициямыз әуелден анық. Біздің әуе кеңістігімізді бұзған ұшақты атып құлаттық”, – дейді Қалын.  

Оның пікірінше, халықаралық хат-хабар алмасуда  “I am sorry” және “I apologize” сөздерін бір мағынада түсінуге болмайды. 

“I am sorry” сөзі “өкініш білдіремін” деген мағынаны білдіреді.  Алайда өкініш білдірген тараптың кінәлі болуы міндетті емес. Ал “I apologize” деген сөз өзінің әрекетіне кешірім сұраған адамды білдіреді, – дейді ресми өкіл. 

Айта кетелік, бұдан бұрын бірқатар ресейлік ақпарат құралдары Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның ресейлік Су-24 пилотының қазасына қатысты Ресей президенті Путиннен кешірім сұрағанын хабарлаған болатын. 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз