Ресейдегі коммунистік партияның көсемі Геннадий Зюганов Ресей, Белоруссия, Қазақстан және Украинаның басын қосатын жаңа одақ-мемлекет құруға болатынын айтып жүр.
РИА Новости хабарлағандай,
“Ресей, Белоруссия, Қазақстан және Украина ортақ одақтас мемлекет құра алар еді. Ол одақты ешбір елдің тәуелсіздігіне, тіліне, мәдениеті мен дәстүріне қол сұқпайтын етіп құруға болады“, — депті Зюганов баспасөз мәслихатында.
Бұл одақтың әлеуеті зор болар еді дейді ол.