Нұр-Сұлтан
Қазір
-2
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Ресей Душанбе көшелері атауының өзгеруіне алаңдайды

«Танымал тарихшылар, ардагерлер, студенттер көшелердің бұрынғы атауын сақтап қалуы жөнінде сұрағанын білемін. Сол үшін де билік танымал тұлғалар мен ардагерлердің сөздеріне құлақ асады деген үміттемін», – деді Захарова.

Тәжікстанның Тіл және терминология комитеті басқармасының басшысы Абдурахими Зулфониён Озоди радиосына берген сұхбатында Ресей СІМ өкілінің мәлімдемесі негізсіз деді. Ол «көше аттарын өзгерту заңға сәйкес жүзеге асып жатыр. Мұның ұлтшылдыққа еш қатысы жоқ. Керісінше тәжік халқының ұлттық құндылығын қалпына келтіріп жатырмыз»,-деді.

Тәжікстанда соңғы он бес жылдан бері көше, аудан, қала, тіптен облыс аттары өзгертіліп келеді. Осы уақытқа дейін, мысалы Ленинабад облысы Соғды облысы, Наув ауданы Спитамен, Куйбышев ауданы Абдурахмони Джоми болып өзгертілген. Соңғы уақытта Чкаловск қаласы Гулистон деп ауыстырылған.

Мұндай үдеріс ел астанасында да орын алып жатыр. Үстіміздегі жылдың сәуір айында Войкова көшесі Рухафзо, Чайковский көшесі Наджмиддин Абдуллоев, Панфилов көшесі Бобо Джобиров, Мир көшесі Чаманзор болып өзгерген.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз