Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
17
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Ресей барша елді Қазақстан ұсынған терроризммен күрес кодексін қабылдауға шақырды

Министрлікте аталып өткендей, кодекс «халықаралық терроризмге қарсы күрестің іргелі қағидаттарын біріктіріп қана қоймай, әрбір мемлекетті террор қаупінен құтқара алады».

«Құжат антитеррор саласында әлемдік бірлестіктердің бірлескен практикалық бағыттарын айқындап бере алады». Ресейлік тарап «құжат авторы – қазақстандық серіктестерге, құжаттың дайындалуына үлес қосқан барлық мемлекеттерге алғысын айтады». «Барлық мемлекеттерді осы Кодекске қосылуға, сонымен қатар, БҰҰ Жарғысы базасында танылған терроризмнің қандай да бір түрі байқалған жағдайда осы құжат тәртібін негізге алуға шақырамыз», – делінген хабарламада.

Айта кетелік, бұдан бұрын ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов БҰҰ Бас Ассамблеясының 73-ші сессиясында пікірталаста сөйлеген сөзінде Терроризмнен азат әлемге қол жеткізу мінез-құлық кодексіне қол қойған мемлекеттердің бәріне алғыс білдірген болатын.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз