Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Ресей Байқоңыр ғарыш айлағының бір бөлігін Қазақстанға қайтарады

266

Айтпақшы, осының алдында бірқатар ақпарат көздері «Зенит» зымыран кешені 1 маусымға дейін өткізілуі керектігін айтқан. “Дегенмен бұл істің құжаттық жағы әлі де 3-6 айдай уақытқа созылуы мүмкін” дейді сарапшылар.

Кешенді Ресейдің жалға алуынан Қазақстанның пайдалануына өткізу туралы шешім 2016 жылы қабылданған болатын. Ал өткізу жұмыстары 2018 жылдың 1 наурызында басталған еді.

Жалпы Ресей жалға алған № 45 алаңындағы мәре кешені екі іске қосу құрылғысымен (іс жүзіндегі және біреуі істен шыққан), № 42 алаңдағы техникалық кешен монтажды-сынақтан өткізу корпусымен бірге және өлшеу пункті Қазақстанға қайтарылуы тиіс.

 Қазіргі таңда Қазақстан тарабы 42, 43 және 45-алаңдағы 212 нысанды қабылдап алды. Осылайша, Жалпы алғанда Қазақстан «Зенит-М» зымыран кешеніндегі 243 жер бетіндегі ғарыш инфрақұрылым нысанын қабылдады.

Қазіргі таңда Ресей Байқоңыр қаласы мен ғарыш айлағын жалға алып отыр. Жалға алынған жердің жалпы көлемі – 6 717 шаршы шақырым.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз