Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
8
USD
422
+0.82
EUR
497
-1.77
RUB
5.53
-0.07

Ресей қашанғы «көршілерін қорқыту» саясатын жүргізе бермек?

бұл арандатушылыққа Ресейдің қатысы барын меңзеп отыр.

Қырғызстанда президенттің отставкасын талап ететін наразылық шарасы дайындалып жатқаны наурыз айында белгілі болған. Ресейлік газетке сұхбат берген қырғыздың қоғамдық қайраткері Тоқтайым Уметалиева «Халық қозғалысы» қозғалысының басшысы Бекболот Талғарбековтың Ресей мен Түркиядан қолдау жасалып отырғанын мойындағанын жеткізіпті. Жалпы,

Ресей мен Түркия Қырғызстанның ішкі саясатына қатты араласып отырған көрінеді.

Тіпті, «Халық қозғалысының» артында елдің бұрынғы президенттері Асқар Ақаев пен Құрманбек Бакиев тұр деген сөздер гулеп жүр.

Ал «Жаны муун» (Жаңа буын) оппозициялық қозғалысының жетекшісі Әділ Турдукуловтың пікірінше, ресми Бішкек Ресейдің Қырғызстандағы саясатына наразы, өйткені Мәскеу Қырғызстанның алдындағы өз міндеттемелерін орындамай келеді: мысалы, РФ уәде етілген Қамбар-ата ГЭС-ін салмай қойып, Қырғызстан келісімнің күшін жоюға мәжбүр болды.

Ең қызығы, мақалаға үн қосқан ресейлік оқырмандардың бірі былайша ой бөлісіпті:

«Украинадағы оқиға бұрынғы кеңестік республикалардың басшыларын шошытып отыр: Ресей өзін посткеңестік елдердің жандармы ретінде көрсетіп жүр. Сол себепті Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан мен Өзбекстан өз тәуелсіздігіне Ресей қол сұқпауы үшін (орыс әлемін қорғаймын деген желеумен) белгілі бір шараларды жүзеге асыра бастады. Ресей маңайындағы елдері үрейлендіріп отыр, біздің геосаясат қазір осындай», делінген пікірде.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз